Ақмола облысы білім басқармасының"Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ақылбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының"Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ақылбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

*ȥ;s6;?Ib>S?]j޷cF#
' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

                  

       Қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу-сызу болмаған кезде халықтың ой-арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, қиял ғажайып ертегілер, т.б. баланың тілін, ой-өрісін дамытуда ерекше роль  атқарады. Балалар ертегі тыңдап,бір-біріне жұмбақ жасырғандығы жаңылып жаңылтпаш айтқанды, тұрмыс-салт жырларын тындағанды ұнатады.

        Ана сүтінен жас сәбиге қандай коректің маңызы қанша  болса, ауыз әдебиетінің де балаларға беретін тәрбиелің маңызы зор.Жастайынан халқының ауыз әдебиетінен сусындаған бала халқын,өз елінің табиғатына,жан-жануарарына деген сүйіспеншілік сезімі оянады.

Осыған орай,шығармашылықізденіс жұмысымның тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту».

Ондағы мақсатым:

«Халық ауыз әдебиетінің түрлері балалардың тіл байлығын молайтуға,ой-өрісін дамытуға,дүниетанымын кеңейтуге,балаларды имандылық пен адамгершілікке,тапқырлыққа,еңбекке баулу».

       Ауыз әдебиетінде адамның басында кездесетін түрлі сезімдер; қаталдық,жауыздық,қастық,жемқорлық,өтірік айту,алдау,сотқарлық ,сонымен қатар мейірімділік,аяушылық,жанашарлық,нашарларға көмектесу көріністері ғибратлы орын алады.Сол сияқты кейбір аярлық,сараңдық,көзбояушылық,парақорлық,жағымпаздық сияқты қылықтар сыналады.Әсіресе хайуанаттар туралы ертегілерде арыстан,қасқыр,жолбарыс  сияқты аңдар зорлық күшінің иелері,билік басындағылардың өктемділігі,қанаушы тап өкілдерінің мінез-құлықтары,жемқорлық парақорлық сияқты теріс қылықтарды әшекерлейді.

      Қиял-ғажайып ертегілерін оқу арқылы баланың ойы,қиялы дамиды,сезімі оянады.Ненің жақсы екенін,ненің жаман екенін түсінеді,жақсы мен жаманды айыра білу,жақсылық пен жаманшылықтың ара-жігін айырады,Аяушылық,қайырымдылық сияқты жақсы,жағымды сезімдер оянды.

      Тұрмыс-салт ертегілерін оқу арқылы жан-жануалар өмір         тіршілігінен мағлұматтар алады.Мақал – мәтел, нақыл сөздер  - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық оқу іс-әрекетінде және оқу іс-әрекетінде тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді. «Ас атасы-нан», «Ас адамның арқауы».

       «Дені саудың-жаны сау» мақалы денсаулықтың адамға қандай  қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады. Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше.

     Қазірг кезде ұялы телефон,компьютер,интернетпен  көп айналысқан бала -солардың тұтқыны.Нашақорлық сияқты,олардан айырылмайды,сыртқы дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз күн кешеді,ұзақты күн сарылып,соның жаныныда болады.Малмен,құстармен,хайуанаттармен айналыспаған бала олардың жағдайынана бейхабар,оларды жек көреді.

      Жақсы кітапта оқу арқылы баланың білімі кеңейеді,ішкі жан дүниесі байыды, еске сақтау қабілеті артады,ақыл-ой өрісі дамиды.Баланың ойлау қабілеті артып,сөздік қоры дамиды,өз пікірін еркін жеткізе алады.Сондай -ақ логикалық ойлауы дамиды.Кітаптың сюжетін іштей талдап,адам психолгиясын түсінуге талпынады.Қазіргі жағдайда оқуға көңіл бөлмейтін бала-екі сөздің басын құра алмайды,өз ойын жеткізе алмай қиналады.Кітап оқығанда көңіл күй көтеріліп,жабырқауың басылады,ойын жинақтауға көмектеседі,ой-түйсігін түйеді.тіпті өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

      Ертегі -бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

   Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбексүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. 

     Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі балаларды жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімділкте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

     Қазір ата-аналар қаншалықты планшеттің зияны екенін түсіне тұра ,баланың қолына береді,ол ойнайды,кызығады, енді одан алып көр.Ұрыс-керіс,жанжал осыдан шығады.Ол тұйық,қырсық,безбүйрек болып өсуіне өзіміз жағдай жасап қойғанбыз.Баланың мінезі құрт өзгереді,айнала қоршаға жары дүниеге немқұрайды қарайды,көбінесе ашулы,көңілсіз болады.Ең сұмдық зияны бала ешкіммен араласпай, да тек өзіне тән «жабық әлемде» күй кешеді. Атыс-шабыс,қантөгіс ойындар миын жаулап алған баладан не жақсылық күтесіз? Ал денсаулыққа  қалай зиян келтіретінін дәрігерсіз де білеміз.Мұндайда туған күніне сыйлаған сыйлықпен қатар өз балаңызға біршама зиян әкелгеніңіз де түсінікті.Қазір 4-5 жастан балаға планшет,ұялы телефон сыйлау әдетке айналды.Бала осы затқа тәуелді болады,.Ұзақ уақыт бойы басын салбыратып отырған жасөспірімнің омыртқасы майысады,радияциялық сәулелер баланың еске сақтау,көру қабілеттерін нашарлатады,құлақтың естуі нашарлайды.бала ұйқысыздыққа ,беймаза хәлге ұшырайды.Зиянды дүниелерді төрге қойып,жауапсыздыққа жол бергенімізге жол болсын.

    Қазіргі заманда өмірімізді ұялы телефон, ноутбук,планшет немесе компьютерсіз елестету қиын.Рас,ішінде керектің бәрі бар.Оны өз керегімізге дұрыс пайдаланып қана отырсақ еді.Біз оны есін білмейтін жасөспірімге ойыншыққып берім қойдық.

Байғұс ата-ана бар жиған тергенін баласының аузына тосып,одан қалса компьютерді,телефонды,ноутбукті немесе планшетті несиеге әпереді.Баланың мінезі өзгере түседі,ата-ананың сөзіне құлақ аспайды, ол бұрынғыдай сізбен сөйлесіп, ойымен бөліспейді, үй шаруасына көңіл бөлуден қалады,қарым қатынастарыңыз  алшақтайды,сабаққа зейіні соқпайды,оқу үлгерімі төмендейді, өзімшілдікке,жалғыздыққа ұшырайды. Осының бәрі өзіміздің қолымыздан жасап қойған жағдай.

  Бірақ кез келген мәселенің шешуі бар екенін ұмытпайық.Жұмыстан шаршап келсек те баламызға көңіл бөліп,жастайынан қолына техникалық құралды емес,кітапты ұсынып,оқуға қызығушылықтарын оятып,қызықты,жұмбақты әлемге жол ашайық.Мониторинге телміріп күн ұзақ отырғанша,неге өзіміздің ұлттық ойындарымызды ойнамасқа?Таза ауада доп қуып,достарыңмен көңіл көтеріп,денемізді шынықтырып,сау болғанымызға не жетсін?

  Адам бойындағы ізгі қасиеттерден айырылмайық,болашақ ұрпаққа тәрбие берудегі ең қауіпті жерлерін ажырата білейік.

  Қорытындылай келе,бала тілін дамытуда ,ой-өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетінтәрбиелеудәі маңызы зор.

   Ауыз әдебиетімізе халқымыздың түсінік,пайымы,тәлім-тәрбиесі бар.Осыдан үлгі өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай,мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік


Текст