Текст
«Өлмейтұғын артына сөз калдырған...» - дейді халқымыз. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге сай келеді.
Осы сөздердің дәлелі - ұлы ғұлама,ойшылдарымыз Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай атамыз.2020 жыл еліміз үшін аса маңызды жылдардың бірі,өйткені осы жылы Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл,Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды.Ұлы тұлғалар өмірден өтсе де,олар туралы естелік мәңгі жадымызда.Осы мерейтойларды тойлау қарсаңында, Ақылбай ауылы орта мектебінің дәлізінде кітап көрмесі безендірілді.Мақсаты - балаларды осындай ерекше жандардың өмірімен, еңбек жолымен, шығармашылықтарымен таныстыру.