«Нұр Отан» партиясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетімен бірлесіп мектеп асханаларында сатуға және тағамдарды дайындау үшін қолдануға болмайтын жаңартылған өнімдер тізімімен таныстырғанын партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан былай оқу орындарының асханаларында құрамына жасанды бояғыштар , консерванттар , хош иістендіргіштер , дәм күшейткіштер кіретін шұжық өнімдерін,шұжықтар және басқа да өнімдерді сатуға тыйым салынады.Сонымен қатар көптеген оқушылардың сүйікті снэкиі де тыйым салынғандардың қатарына кірді: чипсі,кептірілген нан,шоколад батончиктері.
Сонымен қатар мектептегі тамақтануда қолдануға тыйым салынады:
пастерленбеген сүтті; термиялық өңдеуден өтпеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл, жүрек, бауырды қоспағанда мал мен құстың қосымша ет өнімдерін; механикалық түрде еті сылынып алынған мал мен құс етін; құрамында коллагені бар құс етін; сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін; генетикалық түрлендірілген шикізатты және (немесе) генетикалық түрлендірілген көздері бар шиізаттарды; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды; банкалардың тұмшалануы бұзылған консервілерді, қақпағы көтерілген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды; ішкен тамақтың артық қалған бөлігін, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты; саңырауқұлақты; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде) тамақ өнімдерін; ащы тұздықтар, кетчуптарды, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша), сірке суын; табиғи кофені .
Мектеп асханасында дайындауға және сатуға тыйым салынады:
қатық, сүзбе мен қышқыл сүт өнімдерін; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді; кремі бар кондитерлік бұйымдарды; морстар, квастарды; фритюрде қуырылған бұйымдарды; шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы.
Сатуға тыйым салынады:
фаст-фудтарды : гамбургерлерді, ход-догтарды, чипсилерді, кептірілген нанды; құрамына жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер, тәттілендіргіштер кіретін тамақ өнімдерін (тәтті сусындар, сүт-шоколад батончиктері және печенье, шикі ысталған гастрономиялық ет бұйымдары, шұжықтар және басқалар).
«Нұр Отан» ата-аналардың қалаған уақытында мектеп асханасына баруға құқылы екендігін атап өтті. Ата-аналар қандай да бір бұзушылықтар анықтаған жағдайда ,Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуді ұсынады.