1. Сабақта белсенді жұмыс жаса: мұқият тыңда, сұрақтарға жауап бер.
2. Егер бірдеңе түсінбесең немесе бірдеңемен келіспесең, сұрақтар қой.
3. Әр пән бойынша не берілгенін дәл және мүмкіндігінше егжей-тегжейлі жаз.
4. Сөздіктермен және анықтамалықтармен пайдалануды үйрен. Бейтаныс сөздердің мағынасын анықта, анықтамалықтардан қажетті фактілер мен түсініктемелерді, ережелерді, формулаларды тап.
5. Егер сенде компьютер бар болса, оның көмегімен қажетті ақпаратты табуды, электрондық кестелер көмегімен қажетті есептеулерді жүргізуді және т.б. үйрен.
6. Егер сабақта өткен нәрсе саған қиын болып көрінсе, ал келесі сабақ бірнеше күннен кейін болса да, материалды сол күні қайтала.
7. Әр тапсырманы орындауды бастағанда, не істеу керектігін ғана емес (яғни тапсырманың мазмұны туралы), оны қалай (қандай әдістермен, құралдармен) жасауға болатындығы туралы ойла.
8. Қажет болса, ересектер мен сыныптастарыңнан көмек сұра.
9. Сабақтарды бастағанда, күнделікті ашып, барлық тапсырмалар жазылғанына көз жеткіз.
10. Жекелеген пәндер бойынша тапсырмаларды орындау кезектілігін ойластырып, әр тапсырманы орындау үшін қанша уақыт қажет болатынын есепте.
11. Үстелден сені алаңдататын барлық артық затты алып таста. Бірінші тапсырманы орындау үшін барлық қажет затты дайында (оқулық, дәптерлер, карталар, қарындаштар, сөздіктер, анықтамалықтар және т.б.). Бірінші сабаққа дайын болғаннан кейін бәрін алып таста және келесі әрекетті орындау үшін не қажет екенін дайында және т. б.
12. Сабақтар арасында үзіліс жаса.