Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Мемлекеттік тіл, орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін және толлеранттылығының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру заманы тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» - деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою - бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс - тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу - жаңа педагогикалық мәселе, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.
Үш тілді енгізудің мақсаты - әлеуметтік және кәсіби бағытталған мәдени тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Осыған байланысты қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері өз сабақтарында әр түрлі инновациялық технологияларды қолданады. Қазақ тілі сабақтарында тілдік кеңістікке ену үшін пәндік-дидактикалық ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындар мыналар:
Пәндік-дидактикалық принциптердің бірі – оқыту жүйесінде көрнекі
құралдарды пайдалану. Мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық
көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау,
фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар,
техникалық құралдарды (кинофильм фрагменттері, телевизия дамытуға арнайы
көңіл бөлінеді. Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту жəне көру үшін
көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті
пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін
арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс
істеуге бағыт береді.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық
ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ
оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал
мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды
түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да
көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік – кесте. Ол не
схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге,
сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.
Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалық,
орфографиялық жəне синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал
қолдануы жағынан салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан
(формасы) жылжымалы болып бөлінеді.
Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік
қорын дамытуға, лексикадан ауызша жəне жазбаса жаттығу жұмыстарын
жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан əр түрлі
болады. Өрнектелуі жəне жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да
мүмкін. Мысалы, сөз жəне оның мағынасы, сөздің тура жəне ауыспалы
мағынасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы
туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер) мен жаңа
сөздер (неологизмдер), жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге,
диалект сөздер мен кəсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен
мəтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты мұғалімдер мен
əдіскерлердің жасаған кестелері бар.
Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын
молайтумен бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту
жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Фонетикалық жəне орфографиялық кестелер жазылуы жəне айтылуы
қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Əсіресе фонетика тарауын өткен
кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру жəне
шығармашылық жұмыстарды қажет етеді.
Кесте – схема қазақ тілі сабақтарында жиі пайдаланылады. Əсіресе ол
жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен
байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға,
абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен əсері бар.
Қазақ тілі əдістемесінде құрылымдық схема – кестенің негізін
жасаушылардың бірі Ш.Əуелбаев.
Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл
көбіне оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат
қойғызу, суреттің астын оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың
дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.
Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де
қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір
сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат
есімнен жан –жакты мəлімет беруге байланысты кесте – альбом жасауға
болады.
Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық жəне грамматикалық білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында
қазақ тілі сабақтарына түрлі түсті сериялы суреттер
пайдаланылып жүр. түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ оқушының белсенділігін
арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы суреттер
магнит тақталары арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату,
мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді.
Қазіргі мектептегі оқу –тəрбие ісінде мыңдаған мұғалімдеріміз
техникалық құралдарды өте орынды пайдалануда.
«Қазақ фильм» киностудиясы қазақ тілінде оқу фильмдерін
шығаруда. Оқу фильмдері сабақ процесін жандандырып, оқушылардың
ой-өрісін дамытып, əр түрлі оқиғаларға құрылған əңгімені нақты түсіндіруге
мүмкіндік жасайды.
Фильмді əр түрлі тақырыптарды оқыту барысында, сондай-ақ
белгілі бір жазушының шығармасын (тіл ерекшелігін) оқытуға байланысты
пайдаланады. Фильм сабақтың əр кезеңінде: жаңа материалды түсіндіру,
жаттықтыру, қайталау, тіл дамыту, эссе жаздырумақсатында пайдаланылады.
Кино – ғылыми-техникалық көрнекі оқу құралдарының ең жетілген
түрлерінің бірі.
Қазақ тілі сабақтарында орыс тіліндегі кейбір оқу фильмдерінің
үзінділері пайдаланылып жүр. Оқу фильмін пайдалану оқушының ықыласын
арттырады, қызықтырады, ой-өрісін кеңейтеді, ауызекі сөйлеу тілін
жетілдіреді. Оқушының сол пəнге деген ықыласын арттырып, көзбен көрген
нəрселері естерінде ұзақ сақталады. Оқушылар өзге ұлт тілдерін оқу барысында сөздің бастапқы мағынасын біліп қана қоймай сонымен қатар сол ұлттардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, халық ауыз әдебиетімен және ұлттық ойындарды танып біледі.Әлем тілдерін тану арқылы оқушыларда. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық, өз ұлтына, тіліне деген мақтаныш сезімі қалыптасады.