Халықаралық құстар күні 1906 жылы
Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.
Оның негізгі ережелері ұя салу және
мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында
тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым
салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және
экологиялық білім беруге бағытталған.
Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін
бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа
теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны
үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық
пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын
танытатын көктем хабаршысы Құстар Күні мерекесі кей деректер бойынша алғаш рет
қауымдық мереке болып 1894 жылы АҚШ-да өткізілді. Бұл мейрам қарқынды түрде
газет басылымдарынан жарық көріп, АҚШ-ның басқа да штаттарына, Еуропаға да
жетті.
Осыған орай Ақылбай ауылының орта мектебінде 2 «ә»
сыныбымен «Құстарға қамқор болайық» атты
қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияға балалар қызыға қатысты. Өз
қолдарымен көрмеге құстар туралы түрлі заттар дайындады. Балалардың
қызығушылықтары соншалықты жоғары
болғандықтан өздерімен шамалас басқа бастауыш сыныптардың оқушыларын іс-шараға
қатысуға тартты. Мектеп кітапханашы Сабитова Гульмира Нұркешқызымен ұйымдастырған «Құстар әлемі» атты көрме
балаларға өте танымды болды. Қайырымдылық
акциямыз балалардың ата-аналармен бірігіп құстарға арнайы жасаған жемшашарды ағаштарға
ілумен аяқталды. Өз қамқорлық істеріне балалар риза болды.