Текст
Ұйымдар тізімі
18.01.2022
13.01.2022ж. Бурабай ауданының аға тәлімгерлерінің онлайн кеңесі өтті. Аға тәлімгер: Бакиева Л.С.
18.01.2022
Қысқы демалыс аясында, 6"А"сынып оқушылары арасындағы "Оnline кітап кеші".
18.01.2022
4 "ә" сынып оқушыларының қысқы демалысы кезінде "Қазақстан кинопрокатының мультипликациялық фильмдерін көру" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Сынып жетекшісі: Кудабаева Ш.Е.
31.12.2021
Баршаңызды келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!6 «ә» сынып оқушыларының Жаңа жылдық сынып сағаты. Сынып жетекшісі: Ибраева С.А.
31.12.2021
7 "ә" сыныбында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Жаңа жыл әлеміндегі оқиғалар" атты сынып сағаты өткізілді. Жаңа жыл кейіпкерлері Аяз ата ме Ақша қар да келіп, құттықтады. Сынып жетекшісі Ахметжарова Н. М.
31.12.2021
Жаңа жыл қарсаңында Ақылбай а. ЖОББМ оқушыларына: Нарижняя Александра мен Калюжный Романға Бурабай ауданының әкімі А.Мұздыбаевтың атынан құлақшалар мен құттықтау хаттары табыс етілді.
31.12.2021
22.12.2021 ж. 6 "А" сынып оқушыларының ата-аналарымен "Баланың еңбек ету тілегін қалыптастырудағы отбасылық дәстүрлердің маңызы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.. Сынып жетекшісі: Бакиева Л.С.
31.12.2021
2021 жылдың 29 желтоқсанында 6 "А" сынып оқушыларымен "Жаңа жылдық оқиғалар әлемінде" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Бакиева Л.С.
31.12.2021
3 "а" сыныбында "Біздің сүйікті Жаңа жылымыз" атты сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Т.Н. Нарижняя
22.12.2021
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру және педагогика ғылымдарын дамыту халықаралық академиясы қазан айында "Қазақстанның үздік педагогы-2021" байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты балаларға қосымша білім беру саласындағы педагог қызметкер мамандығының маңыздылығы мен беделін, педагог қызметкерлер мен олар өкілдік ететін білім беру ұйымдарының қоғамдық және кәсіптік мәртебесін арттыру болып табылады. Байқау екі бағытта өткізілді: 1-ші бағыт: "Қазақстанның үздік педагогы", "Білім беру саласының үздігі" және "Білім беру саласының құрметті қызметкері" ордендеріне, сондай-ақ "Ы. Алтынсарин" медальдарына. 2-ші бағыт: "Үздік педагог", "Білім беру саласының үздігі", "Білім беру процесін дамытуға қосқан үлесі үшін", "Үздік жас педагог" төсбелгілеріне іріктеу. Бұл байқауға 500-ден астам мұғалім қатысты. Жеңімпаздар арасында біздің бастауыш сынып мұғалімі Нарижняя Тамара Николаевна да бар. Өз материалдарын лайықты ұсынып Тамара Николаевна бірінші орынды иеленді және "Қазақстанның үздік мұғалімі -2021" төсбелгісімен марапатталды. Тамара Николаевнаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауды, кез келген шыңдарды бағындыру үшін үнемі алға жылжуды тілейміз. Б.Т. Смагулова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
13.01.2022ж. Бурабай ауданының аға...