Текст
Ұйымдар тізімі
28.04.2021
Рөлдік ойын - бұл сезімдер мектебі, онда баланың эмоционалды әлемі қалыптасады. "Балапан" шағын орталығы.
28.04.2021
3 "a" сынып оқушыларының көркем еңбек сабағындағы " Су - тіршілік көзі" бөлімі бойынша жасаған жұмыстары.
28.04.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 3"Ә" сынып оқушыларымен "Қазақстан халқының бірлігі күні" атты сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Кудабаева Ш. Е.
23.04.2021
"Балапан" шағын орталығындағы сабақ. Тақырыбы: "Жәндіктер". Тәрбиешісі С.К. Карбушева
23.04.2021
22.04.2021г 8 сыныпта «Ұрықтық даму кезеңдері» атты сабақ өткізілді. Оқушылар микроскоп арқылы ұрықтың даму кезеңдері бойынша дайын микропрепараттарды қарады. Химия және биология пәні мұғалімі Исенова Г.Д.
23.04.2021
Жалпыұлттық мәдени-білім жобасының шеңберінде " Оқушылардың дебаттық қозғалысы" атты 45-ші аудандық қашықтық дебат турнирінде мектебіміздің намысын 6 "ә" сынып оқушылары Ғабделғазиз Алихан мен Данияр Айбат қорғап, жақсы нәтиже көрсетті. Алғаш рет қатысса да, 15 команданың ішінен 7-орынды иеленді. Құттықтаймыз! Оқушыларға одан биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспіз! Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Махамбетов Ғ. А.
23.04.2021
20.04.2021ж. 9 сынып оқушылары арасында "Менің болашағым" тақырыбында әңгіме өтті. Жауапты: М.А. Мукушева
23.04.2021
"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Ақылбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 21.04.2021 жылы 6 "А" сыныбында дене шынықтыру сабағында "Үздік қақпашы" қозғалмалы ойыны бойынша жарыс өткізілді, ұлдар арасында: 1 орын Живушко Даниил, 2 орын Калюжный Роман, қыздар арасында: 1 орын Ануарова Самира, 2 орын Салионова Эвелина, 3 орын Тюфякова Лиза иеленді. Жауапты: дене шынықтыру мұғалімі Д.Ю. Вагнер
23.04.2021
1 -сыныптағы көркем еңбек сабағы: «Ит. Жарма аппликациясы». Балалар қолдың ұсақ моторикасын дамыта отырып, ұсақ материалмен жұмыс істей білетіндіктерін көрсетті. Сынып жетекшісі: Н. А. Рюмина
22.04.2021
5"ә" сыныпта орыс тілі сабағы. Тақырыбы: " Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері". Мұғалім: Талипова Д.Г.
Рөлдік ойын - бұл сезімдер...