Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: О, туған ел! (М.Мақатаев)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «О, туған ел!» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, постермен жұмыс, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, маркерлер, постер
Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы, сабаққа керекті оқу құралдарын партаның шетіне қойыңдар.
Үй тапсырмасын қайталау:
2 баладан үй тапсырмасын сұрау. Қалғандарынан тест алу.
Тест
1.Самат қай батырға ұқсас болғысы келді?
А) Амангелді Б) Қобыланды. В) Алпамыс
2.Сайлау қай батыр туралы айтты?
А) Амангелді Б) Қобыланды. В) Алпамыс
3.Апасы оларды немінеге сыртқа жіберді?
А)Шелекке Б) Суға В)қақпаға
4. Қос батыр деп кім туралы айтылды?
А)Апасы Б)Батырлар В)Ағалы-інілі
5.Жайық деген не?
А)Бұлақ Б)Өзен В)көл
6.Өсер кімнің әңгімесін тыңдап отырды?
А)Әжесімен Б)Анасымен В)Әкесімен
7. «Қос батыр» әңгімесінің авторы кім?
А) С.Сейфуллин Б)Б.Майлин В) Д.Қасенов
8. «Ақжайық» әңгімесінің авторы кім?
А) А.Құдайбергенов Б)Б.Майлин В) Д.Қасенов
Жаңа сабақ
(Музарттың әні)
· Тыңдаған ән не туралы? (Туған ел, туған жер)
· Туған жер деген не? (кластер)
Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Тақырып: М.Мақатаевтың «О, туған ел!» өлеңі
Түсіну:
· Бұл өлеңді кім жазды? (М.Мақатаев)
· «Ел шарлау» әдісі арқылы автордың өмірбаянымен танысу.
· Әр топ ассоциация жасап, қорғайды.
· Видеоролик «Мұқағали Мақатаев»
«О, туған ел!» атты өлеңімен танысу.
· Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады.
· Өлең не туралы?
· Оқушылардың оқуы. (мәнерлеп, буындап, тез, жылап, әндетіп)
Талдау: Сұрақ-жауап
Өлеңнің қай шұмақтарынын жолдарында ақын еркелегенін көрсетіп тұр.
Қай жолдарында мақтаныш сезімін көрсетіп тұр?
Қай жерде батылдығын көрсетіп тұр?
Үш тілді ұштастыру:
Тау-горы- mountain
Көл-озеро- lake (лейк)
Жаңбыр-дождь-рейн
Қандай тауларды білесіңдер?
Ал қандай көлдер білесіңдер?
Туған жер туралы тағы жазған қандай жазушыларды білесіңдер?
Сергіту сәті:Жайдарман
Қолдану:
«Жалғасын тап» ойыны.
1. Туған елдей ел болмас, ..... Туған жердей жер болмас.
2. Кісі елінде сұлтан болғанша...... Өз еліңде ұлтан бол.
3. Кісі елінде күркірегенше ....... Өз еліңде дүркіре.
4. Туған жер - ..... тұғырың, Туған ел - ... қыдырың.
5. Өз елің – өлең .... төсегің.
6. Ел қадірін көрген біледі,….Жер қадірін жүрген біледі.
7. Елінен безген оңбайды,......Көлінен безген қонбайды.
8. Ел ағасымен жарасады,....Киім жағасымен жарасады.
-Балалар өздерінің туып өскен жерімен Мұқағали сияқты мақтан ете аласыңдар ма? Не айта аласыңдар туған жер жайылы?
Рөлдік ойын (пікірталас):
Адвакат тобы мен Прокурор тобы.
Тақырып:Чебачье көлін таза қалпында сақтап қалу жауапкершілігі кімнің бойында? Адамның ба, әлде мемлекеттің бе?
Шығармашылық жұмыс
1. Туған жер туралы бес жолды өлең (синквейн)
2.Сөйлемдерді аяқта.
Өскенде ауылың үшін не істер едің?
«Егер де мен президент болсам,...»
«Егер мен министр болсам,...»
«Егер де мен ауылдың әкімі болсам,...»
Жинақтау:
· Бүгінгі сабақтан алған білгендеріңді, естігендеріңді, көргендеріңді
жинақтайық. Келісемін-Келіспеймін кестесі
Келісемін-келіспеймін кестесі
1. Туған жерді мақтан тұту керек
2. Туған жерді ластау керек
3. Отанымызды қорғау керек
4. Атамекенді сүю керек
5. Туған елді қорлау керек
6. Туған жерді қадірлеу керек
Қорытынды:
Бағалау:
Бағалау парақшасын тақтаға ілу, талдау.
Ән айту: «Туған жер»
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау.
Тест
1.Самат қай батырға ұқсас болғысы келді?
А) Амангелді Б) Қобыланды. В) Алпамыс
2.Сайлау қай батыр туралы айтты?
А) Амангелді Б) Қобыланды. В) Алпамыс
3.Апасы оларды неге сыртқа жіберді?
А)Шелекке Б) Суға В)қақпаға
4. Қос батыр деп кім туралы айтылды?
А)Апасы Б)Батырлар В)Ағалы-інілі
5.Жайық деген не?
А)Бұлақ Б)Өзен В)көл
6.Өсер кімнің әңгімесін тыңдап отырды?
А)Әжесінің Б)Анасының В)Әкесінің
7. «Қос батыр» әңгімесінің авторы кім?
А) С.Сейфуллин Б)Б.Майлин В) Д.Қасенов
8. «Ақжайық» әңгімесінің авторы кім?
А) А.Құдайбергенов Б)Б.Майлин В) Д.Қасенов
1. Туған елдей ел болмас, ....
2. Кісі елінде сұлтан болғанша......
3. Кісі елінде күркірегенше .......
4. Өз елің – өлең ....
5. Ел қадірін көрген біледі,….
6. Елінен безген оңбайды,......
7. Ел ағасымен жарасады,....
Өз еліңде ұлтан бол. Жер қадірін жүрген біледі. Көлінен безген қонбайды. Өз еліңде дүркіре. Туған жердей жер болмас. Киім жағасымен жарасады. Төсегің.
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Ақылбай ауылы орта мектебі
Ашық сабақ:
«О, туған ел»
(Мұқағали Мақатаев)
Дайындаған: Шаймерденова Ш.Д.
2018-2019 о.ж