Дөңгелек үстел «Мамандық таңдау маңызды»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын, «Саналы азамат» бағытын, «Мир профессии» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақылбай ауылы орта мектебінде 9 сынып оқушылары арасында « » атты дөңгелек үстел өткізілді.Кездесуге 1 және 2 курс студенттері,біздің мектебіміздің түлектері Иванов Сергей, Кистанов Анатолий, Кистанов Данил, Жетписова Шынар, Савельев Андрей, Оспанова Диана .
Дөңгелек үстелдің мақсаты: мамандық таңдауда негізгі факторлармен таныстыру,сонымен қатар өз бетімен мамандық таңдаудағы жіберілетін қателер.
Дөңгелек үстелде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Т.Смағұлова сөз сөйлеп,қатысушыларды таныстыра отырып, мамандық таңдау-адам өмірінің жастық шақ кезінде таңдалатын ең негізгі өмірлік таңдауларының бірі, өйткені, мамандық таңдай отыра адам өзіне болашақ өмір салтын таңдайтынын айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін шақырылған қонақтар өздерінің болашақ мамандықтарының ерекшеліктері мен колледжға түсу кезінде қойылатын талаптар жайлы толықтай айтып беруге тырысты.Талқылау барысында балалар өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарына жауап алды.Дөңгелек үстелдің талқылауы соңында қонаққа шақырылған мектеп түлектері оқушыларға алдағы уақытта білім алуда , ең бастысы, дұрыс мамандық таңдауда сәттілік тіледі.
Дөңгелек үстелдің жалпы қорытындысы деп бір пікірге келуді есептеуге болады, оқушыларға кәсіптік бағдар беру сұрақтары мен мәселелері бойынша құрылған іс-шара ойдағыдай және барлық қатысушылар үшін үлкен пайдамен өтті.
Смағұлова Б.Т.
директордың ТЖЖ орынбасары
Ақылбай ауылы орта мекте