Текст
2020 жылдың 26 ақпан күні мектепте «Масленица» мерекесі тойланды. Мерекенің бағдарламасы алдын-ала мұқият ойластырылды. «Мереке сәтті өтті!» деп, сенімді түрде айтуға болады.Мерекеге келген қонақтар,оқушылар мен ұстаздар халықтық Масленица әуендері мен әндерін тамсана тыңдап,қызықты байқауларға қатысып, ән айтып, ептілік пен жылдамдыққа ойналған ойындарға қатысты. Байқаулар мен қызықты ойындар ешкімді бей-жай қалдырмады!Мереке біткен соң ,барлық қатысушылар жәрмеңкеге шақырылды.Жәрмеңкеде оқушылар мерекеге сай дастарқан үстін безендіріп, өздерінің аспаздық өнімдерін ұсынды: тосап қосылған құймақ,ірімшік қосылған құймақ,печенье,тәтті тоқаш,бал,шай.