Ақмола облысы білім басқармасының"Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ақылбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының"Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ақылбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

*ȥ;s6;?Ib>S?]j޷cF#
' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күлбикеш ару 2020»

«Күлбикеш ару 2020»

Ақылбай ауылы орта мектебінде жарқын және қызықты мектептік іс-шаралар өтіп тұрады.  Соның бірі, 1-4 сынып оқушылары үшін  «Күлбикеш ару 2020» атауымен 2020 жылдың 15 қаңтар күні өткізілді.Байқауға 5 ару қызымыз қатысты: Жанталинова Сабина, Серік Жансая,  Дүйсенбай Диляра, Афанасьева Альбина, Гречковская Элеонора. 

Жас қатысушыларымыз үшін 5 шығармашылық тапсырма дайындалды, олар оны еш қиындықсыз орындап шықты. Әр қыз «Бұл-мен!» өзін-өзі таныстыру кезеңінде өзі туралы ақпаратпен бөлісті. Осыдан кейін, кез-келген ханшайым сияқты, ханзада туралы армандай отырып, қыздар ханзада бейнеленген жұмбақ суреттерді жинады.  Бұл тапсырманы барлығы сәтті орындады.  Үшінші сайыста қатысушылар өздерінің музыкалық нөмірлерін көрсету арқылы өз шығармашылықтарын көрсетті. Жас дарындар өлең оқып, би билеп, ән айтты.  Қазылар алқасына қатты ұнады және олар барлық қатысушыларға іс-шараның осы кезеңі үшін жоғары ұпай берді. Күлбикеш ару болу үшін, қыздарымыз, зұлым «өгей шешенің» себетінен жабулы көзбен өздері алып отырған жеміс немесе көкөністі пішіні бойынша анықтаулары қажет еді. Сондай-ақ, қыздар көрермендер мен қазылар алқасының назарына өздерінің әдемі киімдерін ұсынды. Сайыс барысында көрермендермен ойындар өткізілді. Қатысушыларға әділ және адал баға беру үшін қазылар алқасы іс-шараның әр кезеңінен кейін ұпайларды жариялап отырды. «Күлбикеш ару 2020» байқауының қорытындысы бойынша 2 «ә» сынып оқушысы Серік Жансая жеңімпаз атанды. Барлық қыздар түрлі номинациялар бойынша қатысушы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Бұл іс-шараның жас жүргізушілері- Смагина Ангелина мен  Есимова Айзатты атап өткім келеді. Осындай үлкен іс-шараның жүргізушісі  рөлінде болу қыздарымыз үшін дебют болды.  Бұл іс-шара Жас Қыран сатысында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға , өскелең ұрпақты адамгершілік тәрбиелеуге, өмірге деген жағымды қарым-қатынас пен тілектестік атмосферасын құруға бағытталған. Осындай қыстың суық күндерінде өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру және кішкентай дарындардың жүрегін жарықтандыру үшін іс-шаралар өткізіп отыру қажет.

Аға тәлімгер    Л.С.Бакиева


Текст