Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар онкүндігінің өткізілуі туралы есеп
Ақылбай ауылы орта мектебінде 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап 18 қыркүйекке дейін ҚР халықтарының Тілдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар онкүндігі өткізілді. Мектепішілік жоспар аудан білім бөлімінің жоспары негізінде құрастырылды. Барлық іс-шаралар қашықтықтан ұйымдастырылды. 7 қыркүйек күні онкүндіктің ашылуы өткізілді. 8 қыркүйек күні 6 «а» сыныбында «Шоқан Уәлиханов – жұлдыздай жарқ еткен ғалым» атты тақырыптық сабақ өткізілді. 9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.М.Ахметжарованың ұйымдастырылуымен 5-6 сыныптар арасында М.Дулатовтың шығармашылығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 10 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Ярина О.В. Қадыр Мырза-Әлидің 85 жылдығына арналған «Жыр алыбы» атты тақырыбында бейнепрезентациялар көрсетіп, балалар тамашалап, көп мағлұмат алды. 11 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Т.Н.Нарижняя Ж.Нәжмеденовтың 85 жылдығына арналған «Менің Отаным Қазақстан» атты қашықтықтан сыныптан тыс іс-шара өткізді. 14 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Уалиева Г.М. 3 сыныпта С.Мұқановтың 120-жылдық мерейтойына арналған бейнепрезентациялық конференция ұйымдастырды. 15 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Құдабаева Ш.Е. Ілияс Есенберлиннің 105-жылдық мерейтойына арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты ақпараттық-танымдық іс-шара өткізді. Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алшынбекова С.Т. әлем тілдерінде өлеңдер оқу сайысын ұйымдастырды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ломачинская үш тілде «Поле чудес» ойынын өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Шаймерденова Ш.Д жетекшілігімен 2 ә сынып оқушылары «Күнтізбедегі жаңа мереке – Абай күні» атты тақырыпта бейнеқұттықтаулар түсріп, инстаграм парақшасына жариялады. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Ибраева С.А. «Тіл – ұлттың жаны» атты кітаптар көрмесін әзірледі. Мектеп ұжымы Тілдер мерекесіне арналған челендж ұйымдастырды.
Біздің мектеп мектепішілік іс-шаралармен қатар, аудандық іс-шараларға да қатысты. Соның ішінде Н.М.Ахметжарованың жетекшілігімен 5ә сынып оқушысы Данияр Санжар Абай Құнанбайұлының 175-
жылдығына орай аудандық бейнеқұттықтаулар сайысында 1 орынды иеленді. Д.Г.Талипованың жетекшілігімен «Тіл достықтың көпірі» атты бейнероликтер байқауында мектеп 3 орынға ие болды.