«Тимуршылар» жасағының еріктілік көмегі.
Мектеп тәлімгерінің негізгі міндеттерінің бірі- балаларды тәрбиелеу және оларды мейірімді істер жасауға ұмтылту. 2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы деп жарияланды.
Осыған байланысты, біздің мектепте жалғызбасты қарт тыл еңбеккерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне қар жинаудан көмек көрсету бойынша еріктілік рейдтер ұйымдастырылды. 7 –8 сынып оқушылары шетте қалмай,педагогикалық еңбек ардагері Н.И.Овсянниковаға қар тазалаудан көмек көрсетті. Нина Ивановна өте риза болып, балаларға алғыс айтып, оларға жақсы оқу мен шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, көмек мектебіміздің педагогикалық еңбек ардагері Т.И.Крючковаға да көрсетілді. Барлығы да көмекке риза болды , ал балалар, жалпы пайдалы істерден көптеген жағымды эмоциялар алды .
5 –6 сынып оқушыларымен тыл еңбеккері Т.И.Николаеваға қар тазалаудан көмек ұйымдастырылды. Жұмыс барысында балалар бір – бірімен әңгімелесіп,әзілдесіп, қызықты әңгімелер айтты. Барлығының көңіл-күйі ерекше жақсы болды. Оған, әрбір баланың мейірімді әрекет жасай отырып, әлемге пайда әкелгенін сезінуі, қоғамға әлеуметтік маңызды үлес қосуы себеп болды. Қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ, қоғам игілігі үшін ерікті еңбек әрбір адамға қажет екенін және ол бүкіл елдің табысты өмір сүру шарттарының бірі болып табылатынын түсіну керек. Еріктілік-адалдық, әділдік, мейірімділік,жауапкершілік, достық, төзімділік және жасампаздық институты екенін бәріміз білеміз.
2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы деп жарияланды. Осы жыл аясында жастар өздеріне мол тәжірибе жинап,қоғамның қалыпты болып қалыптасуына септіктерін тигізіп,әлеуметтің әлеуетін бірге көтерісіп,кез-келген істі бірлесіп жеңетіндіктерін дәлелдей білді.Сонымен қатар еріктілердің аға буынға деген ыстық ықыласы менен бойларындағы адами құрметі екендіктерінің дәлелі деп білеміз.
Аға тәлімгер Л.С.Бакиева