«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
Ақылбай ауылы орта мектебінде 8-11 сыныптар оқушылары арасында 2018 жылдың 01
ақпанында «Менің болашақ мамандығым»
атты дөңгелек үстел өткізілді.Кездесуге мектеп түлектері Раисов Ж, Сүйіндіков
Д, Логунова В. шақырылды.
Дөңгелек
үстелдің мақсаты: мамандық таңдауда негізгі факторлармен таныстыру,сонымен
қатар өз бетімен мамандық таңдаудағы жіберілетін қателер.
Дөңгелек
үстелде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Т.Смағұлова сөз
сөйлеп,қатысушыларды таныстыра отырып, мамандық таңдау-адам өмірінің жастық шақ
кезінде таңдалатын ең негізгі өмірлік таңдауларының бірі, өйткені, мамандық
таңдай отыра адам өзіне болашақ өмір салтын таңдайтынын айтып өтті.
Дөңгелек
үстелдің қатысушылары өз мамандықтарының ерекшеліктері мен талаптары жайлы
толықтай айтып беруге тырысты.Сөз сөйлеу барысында балалар өздерін қызықтыратын
барлық сұрақтарына жауап алды.Сөз сөйлеу
барысы соңында мектеп түлектері оқушыларға алдағы уақытта сәттілік
тіледі, ең бастысы, дұрыс
мамандық таңдауда.
Дөңгелек
үстелдің жалпы қорытындысы деп бір
пікірге келуді есептеуге болады,
оқушыларға кәсіптік бағдар беру сұрақтары мен мәселелері шешілді және кездесу
барлық қатысушылар үшін үлкен пайдамен өтті.