20 желтоқсан күні Ақылбай аулы орта мектебінде 5-8
сыныптар аралығында, мектептің «Адал
ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері мен клуб жетекшісі Бакиева Ю.Н. басқаруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» іскерлік квест-ойын өтті. «Сыбайлас жемқорлық біздің
қорымызды , біздің денсаулығымызды және ақыр соңында біздің болашағымызды
ұрлайды» деп ойын басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл ортақ
іс.Командалардың мүшелері ойын парақтарын алып, «Жемқорлықтың себептері», тест
«Жемқорлыққа қарсы күрес», рөлдік ойын «Жағдай», плакат «Сыбайлас жемқорлық пен
оның салдарының бейнесі» ойын бекеттерінен өтті. Тапсырма орындау барысында 36
оқушы өздерінің ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Ойынның
қорытындысы бойынша, сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.