Қазақстан-құқықтық мемлекет" айлығы шеңберінде
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспары бойынша келесі іс-шаралар
жүргізілді :
·
"Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді, онда
оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа өз көзқарасын ұсыну мүмкіндігі және сынып жетекшілермен бірге қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын табуды қарастырды.
·
10-11сынып оқушылар арасында өткізілген "Біздің
таңдауымыз-құқықтық мемлекет!" атты дөңгелек үстелде заңның сақталуының пайдасы туралы әңгіме жүргізіліп, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы талқыланды.
·
Аға тәлімгер Трофимова Л.С. басшылығымен "Мектеп президентін сайлау" тақырыбында сюжеттік-рөлдік ойын
өткізілді.
·
8-11 сынып аралығында өткізілген «Мен жемқорлық туралы не білемін» эссе байқауында
келесі оқушылардың шығармаларын атап өтуге болады. Олар: 11сынып оқушылары-Аникеева Д., Козловский А., Нестеров М., Кочеткова Е., Кистанова Е., 10сынып оқушылары- Карбушева Я., Булгакова Д., 9-сынып оқушылары-Музыкина А.,
Герингер В., бұл оқушылардың шығармаларында тек қана сыбайлас жемқорлық терминінің мәнін ашу ғана емес, сонымен қатар шешу жолдары да ұсынылады.