Қараша айының басында мектеп
кітапханасында кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Букккроссинг» акциясы
басталды.
Біз әдетте оқыған кітабымызбен
не істейміз? Сөреге қойып, оны көптеген жылдар бойы тіпті еске де түсірмейміз.
"Бірақ кітаптың шаң басып тұруына жол бермей , біреуге пайдалы болуы мүмкін ғой" деп, 2001 жылы интернет-технологиялар маманы Рон Хорнбэкер буккроссингті ойлап тапты. Адам кітапты паркте немесе
қоғамдық орында қалдырады, сосын оны кез
келген адам алып оқып, орнына қояды ,тағы да басқа адам алып бұдан әрі солай
жалғаса береді.
" Вookcrossing - дегеніміз
не? Бұл кітап клубы, кеңістік және уақытты шектеу шекарасы. Бұл адамдардың бірлестігі.
Мектеп буккроссингінің
мәні қарапайым – оқушы немесе мектеп қызметкері, кітапты оқып, мектептегі арнайы
шкафта қалдырады. Содан соң ол кітапты
тағы біреу, тағы біреу алып жалғаса береді.
Осылайша, кітап, ал онымен
бірге, оқырманның бастан өткерген барлық
эмоциялары, бүкіл біздің ауылды саяхаттайды. Буккроссерлердің түпкі мақсаты
– әлемді үлкен тегін кітапханаға айналдыру .