Текст
2017 жылдың 27 қазанында Ақылбай ауылы орта мектебінде Ітоқсан қорытындысы бойынша
мерекелік іс-шара өтті. Іс- шараға 5-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері
қатысты. Бұл мереке 6 бөлімнен тұрды. Бірінші «Визитная карточка» бөлімінде әр
сынып өздерінің топтарының атын, ұранын, сыныптарын көрініс түрінде көрсетіп
таныстырды.Бұл бөлімде ерекше көзге түскен 5,8 сынып оқушылары болды. Сонымен
қатар оқушылар әртүрлі би билеп, ән шырқап, тапсырмалар орындады. Әділ қазы
алқасының қорытындысы бойынша , І тоқсанның«Ең,ең » үздік сынып атағына 11сынып
оқушылары ие болды.