Қазан айының ерекше күні,
жүрегіңнің сезімге толы ,алғыс айту күні ,ол – Халықаралық қарттар күні.
Бұл мереке барлық ардагерлермен қарт адамдарға құрмет
білдіруге, олардың адал еңбегі, үлкен өмірлік тәжірибесі,
мейірімділігі,даналығы үшін алғыс айтуға керемет мүмкіндік береді.
Жыл сайын алтын күз кезеңінде Ақылбай ауылы орта
мектебінің оқушылары мен ұжымы, Ақылбай АЖҚ бірлесіп, аталар мен әжелерге
құрмет көрсетуде.
Мектептің аға тәлімгері Трофимова Л.С. басшылымен біздің
оқушылар «Сіздер үшін, сүйікті әжелер мен аталар» атты концерттік бағдарлама дайындады. Мереке барысында
ата-әжелерге көптеген жақсы тілектер айтылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша
Абылайхан селолық округінің әкімі Қалмағамбетов Г.К. өз тілектері мен құттықтау
сөздерін айтты. Сонымен қатар, «Бурабай» газетінің бас редакторы Ракишев Б.С.,
СХП Ақылбай жетекшісі Нарижниий С.В. да өздерінің шын жүректен алғыстарын
білдірді.
Бурабай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағұлов
М.К. қонақтарға зор денсаулық пен бақыт тілеп ,жылы лебіздерін білдірді. Барлық
қатысушыларға концерт өте қатты ұнады. Қарт адамдар – белсенді азаматтық
ұстанымы бар, сергек болуға, әділдікке ұмтылуға, кез
келген жұмысқа жауапты болуға жастарға үлгі болып табылады.