Күзгі бал – мектептегі басты мерекелердің бірі. Бұл
мереке тек қана күздің жомарт сыйларына алғыс білдіру емес, сонымен қатар
көрермендерге оқушылардың өз өнерлерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік. 11- сынып
оқушыларының сынып жетекшісі Живушко Т. А басшылығымен жоғары сыныптар арасында
күз мерекесі өткізілді. Мереке барысында барлық сынып оқушылары ат салысты.
Қатысушылар өздерін дәстүрлі түрде таныстырып, әр түрлі би билеп, басқа
сайыстарға белсене қатысты.
Оның ішінде
ең қызықтысы, аспаздардың дәмді күзгі тағамдарын ұсынған «аспаздық шеберлік»
сайысы болды. Күзгі дастарханды безендіру үшін, оқушылар ғана емес сонымен
қатар мұғалімдер де өз үлестерін қосты.
«Тойдың болғанынан, болады-сы қызық» демекші, бұл
мерекеге дайындық ұзаққа созылды. Мерекелік іс-шараға арналған бағдарламаны
жүргізу 11 сынып оқушылары Кочеткова Елена мен Козловский Александрға бұйырды. Мерекелік іс-шараның соңында әділ-қазы
алқасы мынадай қорытынды шығарды.
Орта буын бойынша:
1 орын – 8 сынып
2 орын – 5 сынып
3 орын – 6 және 7 сыныптар
Жоғары буын бойынша:
1 орын – 10 сынып
2 орын – 11 сынып
3 орын – 9 сынып
Әрбір қатысушы үлкен іске өзінің аз да болса үлесін
қосты. Мерекелік іс-шара Живушко Татьяна Александровнаның арқасында жоғары
деңгейде өтті.