2017 жылдың 20 наурызында Ақылбай ауылы
орта мектебінде «Наурыз біздің ауылымызда» аты мерекелік концерттік бағдарлама
өткізілді.
Осы іс-шараның басты мақсаты: оқушыларда патриоттық
сезімдері мен толеранттылығын,қазақ халқының әдет-ғұрып дәстүрлерін құрметтеу.
Мерекелік бағдарлама уақытында мектептің ішіқуанышпен шаттыққа толды.Балалар белсенділік
танытып,қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысты.Мерекеге ата-аналар,
педагогикалық еңбек ардагерлері,Ақылбай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы
шақырылды.
Құттықтау сөздерімен мектеп директоры Қ.Е Құдабаев,педагогикалық
еңбек ардагерлері О.Н Долматова және Н.П Чеусова, Ақылбай ауылыныңардагерлер
кеңесінің төрағасы Квинт А.И сөйледі.Мерекелік бағдарлама «Шашу»мен «Той
бастар»салтымен басталды.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар өлеңдер орындап,би билепқазақ халқының ойындары көрсетілді.
Мерекенітамашалап келгендерді мереке соңында,
ата-аналар дайындаған наурыз көже мен тәтті шайдан дәм татты.